Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжанды тағы да жеңді

Жарияланды 15 Сәуір 2026 20:58

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Азат Валиуллин открыл счет во втором спарринге с Азербайджаном
Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжанды тағы да жеңді / Фото: ҚФФ

Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы екі күн ішінде өткен екінші жолдастық кездесуде Әзербайжанды 4:2 есебімен ұтты (алғашқы ойында біздің құрама 9:2 есебімен ірі жеңіске жеткен болатын).

Гол авторлары (Қазақстан): Азат Валиуллин, Альберт Ақбалықов (дубль) және Дамир Қайырбай.

Бірінші тайм тартысты өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. Екінші таймда Игитаның орнына қақпаға Дәулет Затыбеков шығып, команданы бірнеше рет голдан сақтап қалды. Ал Ақбалықов пен Қайырбайдың соққан голдары Қазақстанға жеңіс әкелді.

Әзербайжан құрамасы натурализацияланған ойыншыларға қатысты жанжалдан кейін (соның кесірінен Әлем чемпионатынан шеттетілген) легионерлерден бас тартып, қазір қиын кезеңді бастан кешіруде. Ал Қазақстан сапындағы бразилиялықтар Эдсон мен Игита ФИФА мен УЕФА ережелерін бұзбағандықтан, құрамадағы ойынын жалғастыруда.

Осыған дейін Ақтау қаласында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжан командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 9:2 есебімен айқын жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз