Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола медаль алды

Жарияланды 25 Қыркүйек 2026 19:27

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола медаль алды / Фото: ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Полина Иванова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында сырықпен секіруден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

Полина Иванова финалда 4,15 метр биіктікті бағындырды. Үндістандық Бараника Элангован да дәл осындай нәтиже көрсетті. Нәтижесінде екі спортшы да үшінші орынға ие болды.

Жарыстың алтын медалін жапониялық Мисаки Морота жеңіп алды. Ол 4,55 метр биіктіктен секірді. Қытайлық Ню Чунгэ 4,50 метр нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жеңіл атлет Алина Чистякова да Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз