Мұнай бағасы 7%-ға қымбаттап, 96 долларға жетті

Жарияланды 20 Сәуір 2026 10:00

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Мұнай бағасы шарықтады / фото: gemini generated

20 сәуір күні таңертең Brent маркалы мұнай фьючерстері 6% қымбаттап, барреліне 96 доллардан қымбаттап кеткен. Астана уақытымен 09:47-де эталонды мұнай бағасы 95,6 долларға дейін түсті. Бұл Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің қайта ушығуы салдарынан алдыңғы сауда сессиясындағы шығындардың орнын толтырды.

Мұнай бағасының өсуіне Президент Дональд Трамптың мәлімдемесі себеп болды. Оның айтуынша, АҚШ Әскери-теңіз күштері Оман шығанағында Иран туы астындағы жүк кемесіне оқ жаудырып, оны басып алған. Кеме Ормұз бұғазынан шығып бара жатып, «тоқта» деген бұйрықты елемеген көрінеді.

Тегеран да Ормұз бұғазындағы кемелерге соққы беріп, осы маңызды теңіз сауда жолы арқылы кемелердің өтуіне қайтадан бақылау орнатты.

Сондай-ақ Иран тарапы АҚШ-тың осы елге қатысы бар кемелерді қоршауға алуын (блокадасын) оқ атуды тоқтату туралы келісімді бұзу деп мәлімдеді.

Өткен аптаның соңында АҚШ пен Иран арасында тұрақты бейбіт келісімге келуге талпыныс байқалған еді, алайда қазір белгісіздік қайта күшейді.

Ақпан айының соңынан жалғасып жатқан қақтығыс жаһандық энергия ресурстарын жеткізудегі тарихтағы ең ірі іркілістердің біріне әкеп соғып, инфляцияның жеделдеуі мен әлемдік экономика өсімінің баяулау қаупін арттырды.

Сондай-ақ оқыңыз