KASE индексі тарихи максимумды жаңартты

Жарияланды 22 Сәуір 2026 09:49

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстан қор биржасы жоғарыкөрсеткішке жетті / фото: gemini generated

KASE индексі тарихи максимумға жетіп, 7 972,88 пункт деңгейінде тіркелді. Нарықтағы бұл серпіліс отандық акцияларға деген жоғары сұраныстың айқын көрсеткіші болып отыр.

Нақтырақ айтсақ, индекс ай басынан бері 238,28 пунктке немесе 3,08%-ға нығайса, жыл басынан бергі жалпы өсім 941,56 пунктке жетіп, 13,39%-ды құрады.

Сарапшылар мұндай рекордтық көрсеткішті ірі эмитенттердің дивиденд төлемдеріне дайындығымен және көгілдір фишкалардың (ірі компаниялардың) қаржы есебінің оң шығуымен байланыстырады.

8 000 пунктік психологиялық межеге жақындаған индекс алдағы уақытта да өсу әлеуетін сақтап қалуы мүмкін.

Индекстің өсуіне Hayk (HSBK) пен Kaspi (KSPI) акцияларының өсімі әсер етіп отыр. Еске сала кетейік, NADAQ қор биржасында 20 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша Kaspi.kz акциясы 8,2 пайызға өскен, ал 22 сәуірде KASE нарығында 2,30 пайызға өсім көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз