«Самұрық-Қазына» AIX алаңында 1 млрд доллар қарыз тартпақ

Жарияланды 5 Мамыр 2026 10:21

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

«Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры облигация шыңармақ / фото: Kursiv Media

«Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Astana International Exchange (AIX) алаңында құны 1 млрд доллар болатын жарты жылдық облигацияларын орналастырады. Бұл туралы ақпарат биржаның ресми сайтында жарияланды.

Облигациялардың негізгі шарттары

Бағалы қағаздар бойынша купондық мөлшерлеме жылдық 3,9%-ды құрайды. Бір облигацияның номиналды құны 1 000 АҚШ долларына тең деп белгіленген. Жоспарланған сауда-саттық процесі 5 мамырда басталады.

Қордың экономикадағы рөлі

«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның барлық дерлік стратегиялық корпоративтік активтерін бақылайды. Бұл активтер елдің ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) шамамен 40%-ын қамтамасыз етеді. Қордың жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры KASE биржасындағы кезекті ірі мәміленің қорытындысын жариялап, «Қазақтелеком» АҚ жай акцияларының тағы 10,43%-ын сатып алған болатын.

Операция нәтижесінде елдің бас байланыс операторының капиталындағы Қордың үлесі айтарлықтай өсіп, 80,85%-дан 91,28%-ға жетті. Самрық-Қазына қадамды нарықтағы қазіргі қолайлы конъюнктура мен компанияның жоғары инвестициялық тартымдылығына негіздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз