Қазақстан Даму Банкі 500 миллион долларға еурооблигация орналастырды

Жарияланды 5 Мамыр 2026 16:50

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

ҚДБ еурооблигациялар шығармақ / фото: gemini AI

Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) 5 мамыр күні Астана халықаралық биржасының (AIX) сайтында жарияланған мәлімдемесінде 230 миллиард теңге (500 миллион доллар) сомасына еурооблигациялар орналастырғанын хабарлады.

2029 жылы өтелетін бағалы қағаздардың купондық мөлшерлемесі жылдық 16,950%-ды құрады. AIX және Vienna MTF листингіне енген облигациялар ҚДБ-ның 5 миллиард долларлық 22-ші орта мерзімді облигациялар бағдарламасы аясында шығарылған.

2001 жылы құрылған банк іс жүзінде Қазақстанның мемлекеттік инвестициялық компаниясы болып саналады. ҚДБ-ның жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі.

Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) – ел экономикасының шикізаттық емес секторларын жаңғырту және дамытуға бағытталған мемлекеттік даму институты. Ол елдегі ірі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырумен айналысады.

Бұған дейін, «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Astana International Exchange (AIX) алаңында құны 1 млрд доллар болатын жарты жылдық облигацияларын орналастыратынын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз