Қазақстан мұнайды қандай бағада сатып жатыр

Жарияланды 9 Мамыр 2026 12:00

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстан мұнайы- CPC Blend / фото: gemini AI

2026 жылдың 8 мамырындағы көрсеткіштер бойынша мұнай нарығындағы баға конъюнктурасы Қазақстан үшін айтарлықтай қолайлы, бірақ тұрақсыз жағдайда қалыптасып отыр.

Әдетте әлемдік эталон саналатын Brent маркалы мұнайының бағасы 101.29 доллар деңгейінде тұрақтаса, қазақстандық CPC Blend (КТК қоспасы) мұнайы 117.96 доллардан сатылуда. Бұл – қазақстандық шикізаттың Brent-ке қарағанда 16.67 долларға қымбат сатылып жатқанын білдіреді.

Қалыпты нарықта КТК мұнайы сапасына және логистикасына байланысты Brent-тен арзанырақ (дисконтпен) сатылатын, алайда қазіргі геосаяси жағдай бұл спредтің оң мәнге (сыйлықақыға) ауысуына әкелді. Мұндай баға айырмашылығы еуропалық мұнай өңдеу зауыттарының тарапынан Қара теңіз порты арқылы келетін шикізатқа деген сұраныстың күрт артуымен түсіндіріледі.

Мұнай бағасының 100 доллардан жоғары сақталуына және КТК мұнайына сұраныстың артуына Таяу Шығыстағы, атап айтқанда АҚШ, Израиль және Иран арасындағы шиеленістің шегіне жетуі басты себеп болып отыр

Еске сала кетейік, АҚШ пен Иран бейбіт келісімге келіп, биржадағы Brent мұнайының фьючерстік бағасы 101 долларға дейін төмендегенімен, нақты жанармай бағасының соғысқа дейінгі деңгейге түсуіне әлі көп уақыт қажет.

Сондай-ақ оқыңыз