Ресей Қазақстан арқылы Қытайға мұнай жеткізуді ұлғайтады

Жарияланды 20 Мамыр 2026 10:12

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

РФ вице-премьері Александр Новак / фото: ПМЭФ

Келісім заңды түрде рәсімделгеннен кейін Ресей Қазақстан арқылы Қытайға мұнай жеткізу көлемін жылына 10 млн-нан 12,5 млн тоннаға дейін ұлғайтады. Бұл туралы РФ вице-премьері Александр Новак мәлімдеді, деп жазады – Интерфакс

Оның айтуынша, бұл келісім әлдеқашан жасалып қойған. 20 қаңтарда Новак Ресей мен Қытай тараптары 2027 жылға қарай осы бағыт бойынша табиғи газ жеткізу көлемін 10 млрд текше метрге жеткізуді, ал болашақта оны 12 млрд текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтты.

Жоспарланған жобалардың жүзеге асырылуы екі елге Қытайға табиғи газды жалпы жеткізу көлемін 2028 жылға қарай 48 млрд текше метрге, ал 2030 жылға қарай 98 млрд текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Ресей мұнайы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға «Омбы – Павлодар – Атасу – Алашанькоу» бағыты бойынша тасымалданады.ииҚазақстан аумағындағы бұл транзитті ұлттық оператор – «ҚазТрансОйл» АҚ жүзеге асырады.

Еске сала кетейік, Трамптың сапарынан кейін Путин мен Си Цзиньпин Бейжіңде бас қосапақ.

Сондай-ақ оқыңыз