Алматыда үшем дүниеге келді

Жарияланды 22 Мамыр 2026 18:45

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Ерлі-зайыпты бірден көпбалалы ата-ана болды/Фото: Shutterstock

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үш үшем дүниеге келді. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, №2 перинаталдық орталықта бірден үш қыз өмірге келген.

Бұған дейін ерлі-зайыптының екі баласы болған. Осылайша бірден көпбалалы отбасы атанды.

Сәбилердің салмағы –  1399, 1694 және 1677 грамм.

Туғаннан кейін қыздар жансақтау бөлімінде болып, үш күн бойы қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қазір балалар анасымен бірге бір палатаға ауыстырылған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы тұрақты.

Бұған дейін Түркістан облысында 2400, 2230 және 2060 грамм салмақпен үшем өмірге келді.

Сондай-ақ оқыңыз