485 теңге: доллар тағы 5 теңгеге қымбаттады

Жарияланды 28 Мамыр 2026 11:45

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар
Теңгеге қысым күшейіп, доллар қымбаттап жатыр / фото: shutterstock

28 мамырда түскі сағат 11:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар 485 теңге болды. АҚШ валютасы қазір 485 теңгеден жоғары бағаға сатылып жатыр.

Екі күн бұрын KASE-дегі валюта саудасы 480,20 теңгемен жабылған. Қазақстан 27 мамырда Құрбан айт мерекесіне орай демалып, сәрсенбіде биржа жұмыс істеген жоқ. Енді бүгін, айттың екінші күні, доллар шамамен 5 теңгеге қымбаттағанын көріп отырмыз. Айта кетейік, сәуірдің аяғында көк қағаз құны 457 теңгеге дейін түсіп кеткен. Алайда тура бір айдың ішінде доллар шамамен 30 теңгеге нығайып үлгерді.

Елдегі екінші деңгейлі банктер долларды 484-485 теңге аралығында саудалай бастады. Ал ақша айырбастайтын мекемелер көк қағазды 485 теңгеден сатып жатыр.

kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласындағы валюта айырбастау пунктерінде 1 доллар 481 теңгеден қабылданып, 485 теңгеден сатылады. Астана қаласындағы бағам: 478 және 485 теңге.

Бұған дейін қаржыгер Ғалым Құсайынов доллардың не себепті қымбаттап жатқанын түсіндірген.

Ал сәуірдің аяғында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жазғы уақытта шетел валютасына сұраныс артатынын алдын ала ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз