Сенім феномені мен экожүйе: Тимур Турлов Стэнфордта Freedom-ның жетістігін талдады

Жарияланды 29 Мамыр 2026 11:39

Александр Воротилов

Александр Воротилов

Данил Тумашевич

Данил Тумашевич

Шеф-редактор d.tumashevich@kursiv.kz
Тимур Турлов в Стэнфорде
Фото: Freedom Holding Corp.

Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов 26 мамырда Стэнфорд университетінің (Калифорния, АҚШ) MBA студенттері алдында сөз сөйледі. Онда Жоғары бизнес мектебі (Stanford GSB) өз тарихында тұңғыш рет Орталық Азиядан шыққан компанияның корпоративтік стратегиясына арнайы оқу зерттеуін (кейс) арнады.

Профессор Говард Розен Freedom кейсін талдай отырып, Қазақстан географиялық ауқымы мен экономикалық көрсеткіштерінің арқасында халықаралық кәсіпкерлікті зерттеуге арналған тамаша хаб болып отырғанын атап өтті.

Финтех-топтың басшысы Тимур Турлов әлемдік нарық үшін бірегей цифрландыру көрсеткіштерін ашып көрсетті. Оның ішінде 4 сағат ішінде онлайн-ипотека рәсімдеуден бастап, Freedom Bank-тің небәрі 18 ай ішінде Mastercard төлемдерінің көлемі бойынша Қазақстанда бірінші орынға шығуына дейінгі жетістіктер айтылды.

Кремний алқабындағы пікірталас

Стэнфорд студенттері мен профессорлары арасындағы кейс талқылауы өнімнің нарыққа сәйкестігі (Product-Market Fit) феномені төңірегінде қызу пікірталас тудырды.

Профессор Говард Розен Freedom Holding Corp. назарын ең алдымен «Product-Market Fit» тақырыбын зерттеуге арналған «эталонды мысал» ретінде аударғанын баса айтты. Оның сөзінше, осы компанияның мысалында студенттер стартаптар үшін өте маңызды метрикаларды егжей-тегжейлі талдай алады. Атап айтқанда, клиенттің өмірлік құндылығы (LTV), оны тарту құны (CAC) және күнделікті пайдаланушылардың айлық пайдаланушыларға қатынасы (DAU/MAU).

Фото: Freedom Holding Corp.

Студенттердің бірі Freedom Holding нарыққа трейдингтің жаңа ЖИ-технологияларын енгізе отырып, оны басынан бастап белсенді түрде үйретуге мәжбүр болғанын атап өтті. Сұрақ-жауап сессиясы барысында холдинг басшысы сенім, реттеу, бәсекелестік және басқару туралы айтып берді.

«Адамдар банктерді брокерлерге қарағанда сенімдірек нәахикарсе ретінде қабылдайды. Банктің мәртебесі бізге «сенім тірегін» сыйлады. Брокерлік есепке қарағанда, дебеттік картадағы балансқа сену оңайырақ», – деді Турлов студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол Freedom қаржылық реттеушілер тыйым салмаған барлық нәрседе чемпион екенін атап өтті.

«Егер біз консервативті болғанымызда, ештеңеге қол жеткізе алмас едік. Реттеушілер инновацияларымыздан қысым сезінсе де, біз шекараларды іздеп, байқап көруге тырысамыз», – деп түсіндірді Freedom Holding Corp. басшысы.

Жаһандық диалог

Тимур Турлов Стэнфордта қазіргі таңда қазақстандық бизнес жаһандық инноваторлармен бір тілде сөйлесіп, отандық сәтті оқиғалар шетелде сұранысқа ие бизнес-кейстерге айналып жатқанын айтты.

«Меніңше, біз Кремний алқабымен әрі басты инноваторлармен барған сайын бір тілде көбірек сөйлесе бастадық. Өз орнын тапқан, бизнес-мектептерде оқитын және өз бизнесінде немесе менеджментте айтарлықтай үлкен жетістіктерге жеткен адамдар үшін Америка Құрама Штаттарында ғана емес, әлемнің басқа бөліктерінде не болып жатқанын білу қызық екені сөзсіз. Осы орайда біздің де жетістік жолымыз назар аударта бастады», – деп толықтырды Тимур Турлов.

Фото: Freedom Holding Corp.

Бүгінде Freedom ішіндегі жобалар бірыңғай экожүйенің құрамында болғанының арқасында ғана өмір сүріп, дамып жатқанын шындыққа айналды. Бұл бизнестер бөлек-бөлек болса, бәсекеге қабілетсіз болар еді.

«Біз жай ғана көрінген нәрсені иемденіп отырған холдингтік компания емеспіз. Біз Freedom-ды холдингке енетін компания мән таба алатындай экожүйе ретінде саналы түрде құрдық. Біздің SuperApp бірге болғанда неліктен бәсекеге қабілетті, ал бөлек олай емес екенімізді өте жақсы көрсетті. Бұл тұрғыда біздің компанияларды бөлек зерттеудің мәні жоқ. Банк те, сақтандыру компаниялары да өз бетінше өмір сүріп, үлкен табысқа жете алмас еді. Лайфстайл (өмір салты) сервистеріне келсек, бұл тіпті айқын көрініп тұр. Активтерді SuperApp-қа біріктіргенге дейін олардың қаржылық көрсеткіштері төмендеп бара жатқан еді, бұл тренд тек біріккеннен кейін ғана кері бұрылды», – деп есептейді Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов.

Көшбасшылық үшін шайқас пен өсімнің орасан зор әлеуеті

Стэнфордта Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов компанияның белсенді пайдаланушылар саны (MAU) бойынша бәсекелестерін қуып жету, өз сегменттерінің әрқайсысында абсолютті көшбасшы болу амбициясы бар екенін де атап өтті.

«Бізде өсу үшін, қолымыздан келе ме, жоқ па дегенді тексеру үшін әлі үлкен кеңістік бар. Бұл біздің MAU (Monthly Active Users) үшін шайқасымызға да қатысты. Қазір бізде 2,7 миллион пайдаланушы бар, ал бәсекелестер 10–12 миллион туралы айтып отыр. Біз өзіміз бар сегменттерде лидерлік позицияға қол жеткізе аламыз ба? Кей жерлерде бұған жеттік те: біз брокериджде өте мықтымыз, сақтандыруда екінші-үшінші орындамыз әрі жалпы алғанда, банк секторында үшіншіміз», – деді ол.

Цифрлық экспорт жаңа экономикалық парадигма ретінде

Тимур Турлов шикізат пен өнеркәсіптік тауарларды экспорттау дәуірі артта қалып бара жатқанын атап өтті. Болашақ – қосылған құны жоғары, жоғары технологиялық цифрлық өнімдерді экспорттауда әрі бұл жаһандық бәйге.

«Біз қазір жаңа нарықтарға шығып жатырмыз. Тәжікстанда өнімді белсенді түрде құру үстеміз, Грузияда лицензия алып жатырмыз, Түркиядағы шағын банкті сатып алу бойынша мәміленің тезірек мақұлдануынан үлкен үміт күтеміз. Сосын әрине, Еуропаны армандаймыз. Меніңше, біздің технологиялық экспортымыздың тарихы міндетті түрде пайда болады. Классикалық түсініктегі индустриялық даму парағын жабу керек. Бастапқыда бәрі шикізат экспортында, кейін өнеркәсіптік тауарлар экспортында жарысса, қазір бәрі цифрлық өнімдер экспортында бақ сынап жатыр. Ең жоғары қосылған құн дәл осы «цифрды» құру мен оны пайдалануда жатыр», – деді Турлов.

«Дайын қорап» елесі мен локализацияның маңызы

Freedom-ның жаһандық экспансиясы – Қазақстанда жасалған цифрлық экожүйенің экспорты. Алайда, SuperApp-ты жаңа елге жай ғана «орната салу» мүмкін емес. Технология терең әрі қымбат бейімдеуді талап етеді. Дегенмен, дайын технологиялар стегінің болуы бастапқыда орасан зор артықшылық береді, деп бөлісті Тимур Турлов.

«Ішінде SuperApp бар «қорапты» әкеліп, қоя салсаң, бәрі өздігінен жұмыс істеп кетеді деген түсінік – жай ғана елес. Кез келген автоматтандырылған жүйе қаншалықты жақсы болса да, оны өте терең имплементациялау қажет. Жүйенің әрбір енгізілуі сол жүйенің өз құнынан әлдеқайда қымбат тұрады. Шартты түрде айтсақ, «қорап» 500 тұрса, оны енгізу 5000 тұруы мүмкін. Интеграцияны қайта жинап, әртүрлі реттеуші режимдер мен есептерге бейімделу керек», – деп атап өтті Турлов.

Фото: Freedom Holding Corp.

Оның айтуынша, Қазақстанда пысықталған бизнес-процестер бар әрі оның Еуропада немесе әлемнің басқа аймағында жүзеге аспауына ешқандай іргелі себеп жоқ.

«Бізге велосипедті қайтадан ойлап табудың қажеті болмайды. Біз дайын шешімдерді пайдаланып, оларды әр нарыққа сай қырнап-сырнап, жетілдіретін боламыз. Технологияның өзі ғана жеңіске жету үшін жеткіліксіз, бірақ нөлден бастап жазуға жылдар мен орасан зор шығындар кететінін ескерсек, дайын іргетастан бастаған әрқашан тиімдірек. Бұл ретте билет сату сияқты кейбір сервистерде тек технологияның болуы аздық етеді. Бұл өнімді экспорттау үшін «жерде жүріп», барлық кинотеатрлармен және ұйымдастырушылармен тікелей келіссөздер жүргізу керек», – деп түсіндірді Freedom Holding Corp. басшысы.

Цифрландыру рекордтары: брокерден SuperApp-қа дейін

Тимур Турлов Стэнфорд студенттеріне бизнес-кейсті таныстыра отырып, холдинг эволюциясының басты кезеңі терең цифрлық экожүйе құру болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл қатал бәсекелестік жағдайында бизнестің аман қалуы үшін қабылданған стратегиялық шешім еді. Сол тұста экожүйенің өзегіне айналған Freedom Bank 2025–2026 жылдардағы көрсеткіштер бойынша қызмет көрсету жылдамдығы жағынан әлемдік нарық үшін рекордтық нәтижелерді тіркеген.

Мысалы, цифрлық ипотеканы рәсімдеу 4 сағат 34 минутты алады, ал банктің Қазақстан нарығындағы үлесі 58%-ға жетті. Автонесие беру 53 минутта жүзеге асады, нарықтағы үлесі 41,3%-ды құрады. Автосақтандыру полисін рәсімдеуге 15 секунд, ал сақтандыру жағдайы бойынша төлем жасауға 15 минут кетеді.

2024 жылы қаржы мен lifestyle-сервистерді біріктірген SuperApp-тың енгізілуі алғашқы айда-ақ белсенді пайдаланушылар базасын 51%-ға арттырды. Сервистердің интеграциясы билет сатып алу санатындағы клиенттерді тұрақтандыруды (retention) 5%-дан 25%-ға дейін өсірді. Қазіргі уақытта lifestyle-сервистердегі ішкі төлемдердің 46%-ы банктің өз инфрақұрылымы арқылы өтеді. Небәрі 18 ай ішінде Freedom Bank Visa төлемдерінің көлемі бойынша елдегі үшінші ірі банк, ал Mastercard карталары бойынша 1-ші банкке айналды.

Профессор Говард Розен басында акциялармен сауда жасауға арналған тар бейінді сервис ретінде басталып, соңында ауқымды экожүйе мен суперқосымшаға айналған компанияның трансформациясына үлкен қызығушылық танытты.

Говард Розен Freedom кейсін өзінің Африка мен Қытайдағы ауыл шаруашылығы дрондары саласында жүргізген алдыңғы зерттеулерімен салыстыра отырып, Тимур Турловтың хикаясы студенттерді бір нарықтардың ішінен бірегей нишалар мен мүмкіндіктерді таба білуге үйрететінін баса айтты.

Лектордың атап өтуінше, болашақ бизнес-әкімшілік магистрлерін (MBA) компанияның финтех-аспектісі, атап айтқанда, цифрлық платформа ішінде төлем жүйелері мен дәстүрлі банктік құралдардың дамуы ерекше таңғалдырған.

FRHC жаһандық финтехті Алматыда құруға болатынын дәлелдеді

Стэнфордтың Жоғары бизнес мектебі (әлемдегі жетекші бизнес-мектептердің бірі) Freedom холдингінің даму жолын сипаттайтын ресми кейс басып шығарды. Сарапшылар жоба жергілікті брокер мәртебесінен америкалық NASDAQ технологиялық биржасындағы толыққанды листингке дейінгі ауысу кезеңін талдады.

Қаржы саласындағы мансабын 15 жасында бастап, компанияның негізін 21 жасында (2008 жылы) қалаған Тимур Турлов Стэнфордтағы мойындау штаб-пәтері Нью-Йорк немесе Лондонда ғана емес, Алматыда да орналасқан серпінді финтех-экожүйе құруға болатынын дәлелдейтінін атап өтті. Дамудың алғашқы кезеңдерінде, инфрақұрылым жоқ жағдайда, холдинг Freedom Academy жобасы арқылы қаржылық сауаттылықты арттыруға және өзінің Tradernet сауда платформасын іске қосуға ұзақ мерзімді бәс тікті. 2011 жылдан 2022 жылға дейін KASE биржасындағы шоттар саны 4 мыңнан 618 мыңға дейін өсті, бұл көп жағдайда топтың күш-жігерінің арқасы.

«Сіздің қиындықтан немесе технологиядан бастағаныңыз маңызды емес, маңыздысы – соңында қайда жететініңіз», – деп түйіндеді профессор, Freedom Holding Corp. компаниясының ізденістер мен итерациялар жолынан сәтті өтіп, қазір Кремний алқабында зерттеліп жатқан дәл сол «Product-Market Fit» деңгейіне жеткенін көрсетіп.

Еске сала кетейік, Freedom Holding Corp. бизнес-кейсі туралы оқу материалы Стэнфордта 2025 жылдың маусым айында жарық көрді. Кейсте корпорацияның стратегиясы, бизнес-моделі, басқарушылық шешімдері, сонымен қатар NASDAQ-тағы листингі, IT-өнімдерінің іске қосылуы, ішкі трансформациясы және экожүйенің құрылуы туралы баяндалған.

Freedom Holding Corp. әлемнің 20-дан астам елінде, соның ішінде Еуропа мен АҚШ-та жұмыс істейді. Холдинг брокерлік, банктік, сақтандыру және lifestyle-бизнестерді дамытады, олардың қатарында Freedom Bank, Freedom Finance Global, сақтандыру компаниялары, сондай-ақ Aviata, Arbuz.kz және Ticketon сервистері бар. Негізін қалаушы және басқарушы – холдинг акцияларының шамамен 69%-ын бақылайтын Тимур Турлов.

2026 фискалдық жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша (2025 жылдың сәуір–желтоқсан айлары) компанияның түсімі $1,69 млрд құрады, активтері $12,3 млрд-тан асты, ал таза пайдасы $145 млн болды. 2026 жылы холдинг халықаралық экспансиясын жалғастырды: түріктің Turkish Bank A.Ş. банкінің 99,32% акциясын сатып алатынын жариялады, S&P тарапынан рейтингтердің расталуын алды және Қазақстанда акцияларды орналастыру мүмкіндігі туралы жоспарларын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз