
Қазақстандағы баға өсімі аздап болса да тежеліп келе жатқандай. 2026 жылдың мамыр айында жылдық инфляция 10,4%-ды құрап, сәуірдегі көрсеткіштен сәл төмендеді. Бір ай ішіндегі өсім де бәсеңдеп, 0,7%-ға тұрақтады.
Алайда жалпы сандар жақсы көрінгенімен, қалтаға салмақ салатын коммуналдық төлемдер түбіртегіне көз жүгіртсек, басқаша жағдайды көруге болады. KurisvMedia республика бойынша негізгі коммуналдық қызметтердің мамыр айындағы баға өсімін анықтады.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, кейбір қызметтердің бағасы айтарлықтай шарықтап кеткен. Салмақтың үлкені газ тұтынушыларына тиді – көгілдір отын бір жылда бірден 15,0%-ға қымбаттаған. Пеш жағатындар үшін де жаңалық мәз емес, қатты отын (көмір) бағасы 7,5%-ға өсті. Оған қоса, домофон (+7,2%), жарық (+6,9%) және тұрғын үйді күтіп ұстау ақысы (+6,2%) да өсіп жатыр. Ал ыстық су (+1,5%), қоқыс шығару (+1,3%) және орталықтан жылыту (+0,1%) тарифтері аса қатты өспегенімен, бәрібір арты динамикасын көрсетіп отыр.
Дегенмен тізімде бағасы арзандаған коммуналдық қызметтер де жоқ емес. Жалпы қымбатшылық фонында суық судың тарифі айтарлықтай төмендеп, бірден 38,8%-ға арзандаған.
Еске сала кетейік, 1 сәуірден бастап Қазақстандағы коммуналдық қызмет ұйымдарына тарифтерді заңды түрде көтеруге рұқсат берілген.