Қарызсыз халық әлсіз экономиканы білдіре ме? Қаржыгерлер қауіпті трендтерді атады

Жарияланды 4 Маусым 2026 14:57

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі
Экономиканы кредиттеу / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстанда бөлшек несиелеу нарығы қысқарып, банк капиталын тұтынудан гөрі бизнеске бағыттау саясаты өз нәтижесін бере бастады. Экономикаға берілген несиедегі бөлшек сегмент үлесі бір жылда 50,7%-дан 44,4%-ға дейін төмендеді.

Алайда Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы бұл алаңдатарлық трендтермен қатар жүріп жатқанын айтады. Қаржыгерлердің ойынша, тұтынушылық несиелер (–7%) мен жалпы несие мақұлдау деңгейінің (26,6%-дан 21,8%-ға) күрт құлдырауы халықтың байығанынан емес, нақты жалақы мен төлем қабілетінің төмендеуінен болып отыр.

ҚНРДА алдағы уақытта тұтынушылық несиелерге талапты одан әрі қатаңдатуды жоспарлап отыр. Бірақ қаржы нарығын суыту әрекеттері ЖІӨ өсімінің І тоқсанда 3%-ға дейін (өткен жылғы 5,6%-дан) баяулауы аясында жүріп жатыр.

Қаржыгерлердің ойынша, бөлшек несиені қатаң шектеу өз алдына мақсат болмауға тиіс. Егер банктерден босаған қаржы нақты өндіріс пен технологиялық секторға бағытталмаса, бұл ішкі сұранысты тұншықтырғанымен қоймай, нақты экономикалық өсімнің орнына реформаны құр имитациялауға әкеп соқтырады.

Еске сала кетейік, ертең Ұлттық банк шешім шығарар алдында нарық қатысушыларының пікірі қақ айырылды

Сондай-ақ оқыңыз