
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ақшаны шешіп алу үшін қанша жинау керектігіне қатысты жеткілікті шегін жариялады. Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілікті шегі 6,6 млн теңгеден басталады.
Енді 20 жастағы азаматқа зейнетақы қорынан ақша шешіп алу үшін 6 670 000 теңге жинау қажет болады. Жас ұлғайған сайын оның жеткілікті шегі де өсе береді. Мәселен, 62 жастағы азаматқа белгіленген жеткілікті шек – 23 570 000 теңге.
| Жас | Зейнетақы жинағының төменгі жеткілікті шегі | Жас | Зейнетақы жинағының төменгі жеткілікті шегі |
| 20 | 6 670 000 | 42 | 14 160 000 |
| 21 | 6 960 000 | 43 | 14 560 000 |
| 22 | 7 250 000 | 44 | 14 980 000 |
| 23 | 7 540 000 | 45 | 15 400 000 |
| 24 | 7 840 000 | 46 | 15 820 000 |
| 25 | 8 150 000 | 47 | 16 250 000 |
| 26 | 8 460 000 | 48 | 16 690 000 |
| 27 | 8 770 000 | 49 | 17 140 000 |
| 28 | 9 090 000 | 50 | 17 590 000 |
| 29 | 9 420 000 | 51 | 18 050 000 |
| 30 | 9 750 000 | 52 | 18 510 000 |
| 31 | 10 090 000 | 53 | 18 980 000 |
| 32 | 10 430 000 | 54 | 19 460 000 |
| 33 | 10 780 000 | 55 | 19 950 000 |
| 34 | 11 130 000 | 56 | 20 450 000 |
| 35 | 11 490 000 | 57 | 20 950 000 |
| 36 | 11 850 000 | 58 | 21 460 000 |
| 37 | 12 220 000 | 59 | 21 970 000 |
| 38 | 12 600 000 | 60 | 22 500 000 |
| 39 | 12 980 000 | 61 | 23 030 000 |
| 40 | 13 370 000 | 62 | 23 570 000 |
| 41 | 13 760 000 | – | – |
Айта кетейік, осы аптада зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтаудың жаңа әдістемесін бекіту туралы қаулы күшіне енді. Үкімет оны жаңа формуламен есептеп шығарғанын мәлімдеді.
Ескертетін маңызды жайт, 2026 жылғы 4 маусымға дейін түскен өтініштер бойынша зейнетақы шегі бұрынғы көрсеткішпен есептеледі. Ал 5 маусымда және одан кейінгі арыздар жаңа тәртіппен қаралады.