Зейнетақы қорындағы ақшаны шешіп алу үшін қанша жинау қажет

Жарияланды 6 Маусым 2026 15:43

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
БЖЗҚ зейнетақының жеткілікті шегін белгіледі / фото: shutterstock

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ақшаны шешіп алу үшін қанша жинау керектігіне қатысты жеткілікті шегін жариялады. Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілікті шегі 6,6 млн теңгеден басталады.

Енді 20 жастағы азаматқа зейнетақы қорынан ақша шешіп алу үшін 6 670 000 теңге жинау қажет болады. Жас ұлғайған сайын оның жеткілікті шегі де өсе береді. Мәселен, 62 жастағы азаматқа белгіленген жеткілікті шек – 23 570 000 теңге.

ЖасЗейнетақы жинағының төменгі жеткілікті шегіЖасЗейнетақы жинағының төменгі жеткілікті шегі
206 670 000 4214 160 000 
216 960 000 4314 560 000 
227 250 000 4414 980 000 
237 540 000 4515 400 000 
247 840 000 4615 820 000 
258 150 000 4716 250 000 
268 460 000 4816 690 000 
278 770 000 4917 140 000 
289 090 000 5017 590 000 
299 420 000 5118 050 000 
309 750 000 5218 510 000 
3110 090 000 5318 980 000 
3210 430 000 5419 460 000 
3310 780 000 5519 950 000 
3411 130 000 5620 450 000 
3511 490 000 5720 950 000 
3611 850 000 5821 460 000 
3712 220 000 5921 970 000 
3812 600 000 6022 500 000 
3912 980 000 6123 030 000 
4013 370 000 6223 570 000 
4113 760 000 

Айта кетейік, осы аптада зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтаудың жаңа әдістемесін бекіту туралы қаулы күшіне енді. Үкімет оны жаңа формуламен есептеп шығарғанын мәлімдеді.

Ескертетін маңызды жайт, 2026 жылғы 4 маусымға дейін түскен өтініштер бойынша зейнетақы шегі бұрынғы көрсеткішпен есептеледі. Ал 5 маусымда және одан кейінгі арыздар жаңа тәртіппен қаралады.

Сондай-ақ оқыңыз