Қашағандағы жөндеу жұмысы 2027 жылы 35-40 күнге созылады – Энергетика министрі

Жарияланды 10 Маусым 2026 10:36

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі
Қашаған кен орны / фото: rogtec.com

2027 жылы Қашаған мұнай кен орнындағы жөндеу жұмыстары 35-40 күнге созылады. Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

Министрдің сөзінше, жөндеу жүргізілмесе де, кен орны 2026 жылы жұмысын жалғастыра алады.

Еске сала кетейік, North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы Қашағанның теңіздегі және құрлықтағы нысандарында 1 маусымда басталуы тиіс 35 күндік жоспарлы күрделі жөндеуді кейінге қалдырды. Бұл туралы PetroCouncil.kz қауымдастығы Upstream халықаралық мұнай-газ басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Осының арқасында кен орны маусым айы мен шілденің басында тәулігіне шамамен 400 мың баррель мұнай өндіруді жалғастырады.

Мамыр айының соңында Ақкенженов жөндеу жұмыстарын келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданғанын айтқан.

Қашаған жобасы

Қашаған кен орнының акционерлері

North Caspian Operating Company консорциумы құрамындағы үлестер

Жалпы үлес 100% 7 акционер
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық секторында, Атырау облысына жақын орналасқан әлемдегі ең ірі теңіз мұнай кен орындарының бірі. Кен орны North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы арқылы игеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз