Жасанды интеллект нарығында жаңа ойыншы: Қазақстанда Q.AI іске қосылды

Жарияланды 30 Маусым 2026 07:30

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қазақстанда Q.AI пайда болды: ол мемлекет пен бизнеске қандай AI-шешім ұсынады

Қазақстан мен жаһандық 01.AI стартапы Q.AI атты бірлескен кәсіпорын құрды. Жаңа компания үлкен тілдік модельдер, AI-агенттер, корпоративтік AI-платформалар және мемлекеттік сектор мен бизнеске арналған жасанды интеллект шешімдерін әзірлейді.

Q.AI компаниясының бас директоры болып Дмитрий Мун тағайындалды. Ол бұған дейін жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі еді, 22 маусымда үкімет қаулысымен бұл лауазымнан босатылды.

Дмитрий Мунның айтуынша, Q.AI-дің мақсаты – Қазақстандағы жасанды интеллект әлеуетін нақты өнімдерге айналдыру. Компания мемлекет, бизнес, білім беру және өнеркәсіп салаларына AI-шешімдер ұсынып, елдегі инженерлік құзыреттер мен ұлттық AI-экожүйені дамытуға күш салады.

01.AI – Қытайда құрылған, жасанды интеллект саласындағы ірі әрі жылдам дамып келе жатқан стартаптардың бірі. Компания Yi атты ашық тілдік модельдерімен танымал. Соңғы жылдары 01.AI дайын AI-шешімдер жасауға және басқа елдерге технологиялық тәуелсіздік бағытында көмектесуге көбірек көңіл бөле бастады.

Q.AI-дің құрылуы Қазақстан үшін ұлттық AI-экожүйені күшейтуге және жасанды интеллект технологияларын нақты секторға енгізуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Тағы да оқыңыз: AI көзілдіріктері жаңа смартфонға айнала ма?

Сондай-ақ оқыңыз