Жапония иенаны құтқару үшін жаңа әдіске көшпек

Жарияланды 2 Шілде 2026 16:15

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Жапан ұлттық валютасы – иена / фото: Shanaka Anslem Perera

Жапония иенаны қорғау тәсілін өзгертуі мүмкін. Reuters дерегінше, ел билігі енді валюта нарығына араласатынын алдын ала көп ескертпей, күтпеген сәтте әрекет етуге дайындалып отыр.

Бұған иенаның қатты әлсіреуі себеп. Жапон валютасы доллар алдында соңғы 40 жылдағы ең төмен деңгейлердің біріне жақындады. Бұл Токио үшін үлкен мәселе, өйткені иена әлсіресе, сырттан келетін тауар мен энергия қымбаттайды. Ал бұл ел ішіндегі бағаны өсіреді.

Бұған дейін Жапония билігі нарыққа жиі белгі беретін: «қажет болса, араласамыз» деп ескертетін. Бірақ мұндай ескерту алыпсатарларға дайындалуға мүмкіндік береді. Сондықтан енді билік тосын қадам жасауы мүмкін.

Нарық үшін бұл маңызды сигнал. Қазір көп инвестор иена одан әрі әлсірейді деп бәс тігіп отыр. Егер Жапония күтпеген жерден араласса, валюта нарығында күрт қозғалыс болуы мүмкін.

Иенаның әлсіздігі тек Жапонияның ішкі мәселесі емес. Ол Азия валюталарына, доллар бағамына және жаһандық қаржы нарығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан инвесторлар енді Токионың келесі қадамын мұқият бақылап отыр.

Тағы да оқыңыз: Шетелдіктер үшін Жапонияға кіру визасы бірден бес есеге қымбаттайды.

Сондай-ақ оқыңыз