Нарықта мыс бағасы жоғары болғанымен, Қазақстан өндірісін азайтты

Жарияланды 17 Шілде 2026 13:25

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Мыс өндірісі азайды / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстанның металлургия саласында биыл өсімнен гөрі баяулау басым. 2026 жылдың алғашқы алты айында елде 231,9 мың тонна тазартылған мыс өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға аз.

Маусымда мыс өндірісі мамырмен салыстырғанда 6,5%-ға өсіп, 39,3 мың тоннаға жеткен. Алайда былтырғы маусыммен салыстырғанда көрсеткіш бірден 20,8%-ға төмендеді. Яғни бір айлық өсім жартыжылдықтағы жалпы құлдырауды тоқтата алмады.

Мыстың бағасы нарықта әлі де жоғары

Әлемдік нарықта мыс бағасы әлі де жоғары деңгейде тұр. Лондон металл биржасының соңғы ресми дерегі бойынша, 16 шілдеде бір тонна мыс 13 565 долларға бағаланды. Соңғы бір айда металл бағасы 1,2%-ға төмендегенімен, үш айда 3,2%-ға, ал алты айда 4,3%-ға қымбаттады. Яғни қысқа мерзімде баға сәл тыныстағанымен, мысқа деген ұзақмерзімді сұраныс оның құнын жоғары деңгейде ұстап отыр.

Қазақстандағы мыс өндірісінің ірі ойыншыларының бірі – KAZ Minerals. Мырыш өндірісінде «Қазмырыш», ал алюминий мен глинозем нарығында ERG негізгі кәсіпорындардың қатарында.

Сондай-ақ оқыңыз