Конгода эбола індетінен 1 мыңнан астам адам қайтыс болды

Жарияланды 23 Шілде 2026 10:41

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
Конгода эбола індеті өршіп тұр
Карантин талаптарын сақтау маңызды / фото: REUTERS/Arlette Bashizi

Конго Демократиялық Республикасында эбола індетінен қайтыс болғандар саны 1 мың адамнан асты. Жұқпалы ауру құрбандарының саны үш аптаға жетпей екі есе көбейді.

Індет құрбандары көбейді

Эбола індетінің таралуы туралы тың мәліметтерді 22 шілдеде Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институты жариялады. Мекеменің мәліметінше, Конгода 2536 адам эбола жұқтырса, 1033 адам осы індеттен қайтыс болған.

Жұқпалы ауру қарқыны үдеп барады. Мәселен, 4 шілдеде ғана эболадан 506 адам өлгені мәлім болса, жиырма күнге жетпей олардың саны екі есе көбейді.

Бұл уақытта эбола Конгоның басқа да өңірлеріне таралып жатыр. Індет ошағы Итури провинциясында анықталған болса, қазір одан шалғайдағы тағы жаңа өңірде ауру жұқтырғандар анықталды.

Мамандар вирустың таралуы бақылауға алынбаса, тарихтағы ең ауқымды індетке ұласуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Жұқпалы ауру туралы

Эбола – адам мен жануарлар үшін өте қауіпті вирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны ең қауіпті аурулар қатарына қосқан. Вирус адамның қан тамырларын зақымдайды. Соның салдарынан ішкі ағзалар зақымданып, қан кетеді.

Жұқпалы ауру ауа арқылы таралмайды. Бірақ қан, сілекей, тер, құсық, зәр секілді биосұйықтық арқылы өте тез жұғады.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі эбола індетіне байланысты маңызды мәлімдеме жасаған.

Сондай-ақ оқыңыз