Тоқаев семсерлесушілерді тарихи жеңісімен құттықтады

Жарияланды 29 Шілде 2026 22:40

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Тоқаев семсерлесушілерді тарихи жеңісімен құттықтады / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы айтулы жеңісімен құттықтады.

Ел тарихында тұңғыш рет алтын тұғырдан көрінген спортшылардың жетістігіне тоқталған Тоқаев бұл жеңістің мәні зор екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бұл тарихи медаль – ұлттық құраманың жоғары спорттық шеберлігінің, болаттай берік мінезі мен бірлігі мығым командалық рухының айқын көрінісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік аренада ел абыройын асқақтатып, Қазақстанның спорттағы беделін арттыруға сүбелі үлес қосқан жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ, отандық семсерлесушілердің алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра беруін тіледі.

Айта кетейік, осыған дейін семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтынын еншілегенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз