Доллар үш күн қатарынан арзандады: айырбастау орындарындағы бағам қандай

Жарияланды 13 Тамыз 2026 16:33

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Доллар үшінші күн қатарынан арзандады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Осы аптада теңге долларға қатысты нығаюын жалғастырды. KASE-де 10 тамызда доллар сауда соңында 466,48 теңге тұрса, 11 тамызда 465,75 теңгеге, ал 12 тамызда 464,60 теңгеге дейін түсті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

АЛМАТЫДАҒЫ БАҒАМ

Валюта айырбастау бағамы

Онлайн
Валюта Сатып алу Сату
$ USD АҚШ доллары
464,3
466,9
EUR Еуро
533,5
538,5
RUB Ресей рублі
5,33
5,45
¥ CNY Қытай юані
69,1
71,5
НАРЫҚТАҒЫ БАҒАМ

Биржадағы доллар бағамы

USD/KZT
USD/KZT · нарықтағы соңғы қолжетімді баға
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Үш сауда күнінде америкалық валютаның жабылу бағасы 1,88 теңгеге төмендеді. Ал 13 тамыздағы саудада доллар 15:30 қорытындысы бойынша орта есеппен 465,08 теңгеден саудаланды. Кешкі сессия әлі аяқталмағандықтан, бұл күннің түпкілікті жабылу бағасы кейін белгілі болады.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 464,3 теңгеден сатып алып, 466,9 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы 533,5 теңге, сату бағасы 538,5 теңге болды. Ресей рублі 5,33–5,45 теңге, ал Қытай юані 69,1–71,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз