
Осы аптада теңге долларға қатысты нығаюын жалғастырды. KASE-де 10 тамызда доллар сауда соңында 466,48 теңге тұрса, 11 тамызда 465,75 теңгеге, ал 12 тамызда 464,60 теңгеге дейін түсті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Валюта айырбастау бағамы
Биржадағы доллар бағамы
Үш сауда күнінде америкалық валютаның жабылу бағасы 1,88 теңгеге төмендеді. Ал 13 тамыздағы саудада доллар 15:30 қорытындысы бойынша орта есеппен 465,08 теңгеден саудаланды. Кешкі сессия әлі аяқталмағандықтан, бұл күннің түпкілікті жабылу бағасы кейін белгілі болады.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 464,3 теңгеден сатып алып, 466,9 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы 533,5 теңге, сату бағасы 538,5 теңге болды. Ресей рублі 5,33–5,45 теңге, ал Қытай юані 69,1–71,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.