«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 3,25% өсіп, Halyk Bank қағаздары 5,25%-ға арзандады

Жарияланды 25 Тамыз 2026 09:17

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қазақстан қор нарығының қорытындысы / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

24 тамызда KASE индексіне айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Сауда қорытындысында индекс небәрі 0,09 пунктке немесе 0,001%-ға өсіп, 8 016,62 пунктті құрады. Сол күнгі саудада көрсеткіш 7 955,91–8 038,22 пункт аралығында қозғалды.

24 тамыз саудадағы көшбасшы — «Қазатомөнеркәсіп«. KZAP акциясының жабылу бағасы 31 884,88 теңгеден 32 921,38 теңгеге көтерілді. Close-to-Close әдісімен есептегенде өсім 3,25% болды. KASE ресми кестесінде өзгерісті дөңгелектеп +3,3% деп көрсетеді.

KASE: күн қорытындысы
24 тамыз 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
Қазатомөнеркәсіп
KZAPҚазатомөнеркәсіп
32 921,38 ₸
+3,25%
өсті
Kaspi.kz
KSPIKaspi.kz
47 600,00 ₸
+1,62%
өсті
Kcell
KCELKcell
3 189,00 ₸
+1,08%
өсті
ҚазМұнайГаз
KMGZҚазМұнайГаз
35 050,00 ₸
+0,43%
өсті
KEGOC
KEGCKEGOC
1 433,02 ₸
+0,16%
өсті
Банк ЦентрКредит
CCBNБанк ЦентрКредит
4 796,48 ₸
+0,03%
өсті
ҚазТрансОйл
KZTOҚазТрансОйл
1 147,97 ₸
0,00%
өзгермеді
Қазақтелеком
KZTKҚазақтелеком
44 750,00 ₸
−0,22%
түсті
Air Astana
AIRAAir Astana
712,54 ₸
−1,19%
түсті
Halyk Bank
HSBKHalyk Bank
383,45 ₸
−5,25%
түсті
KASE
KASE индексікүн қорытындысы
8 016,62
+0,001%
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 24 тамыз 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Kaspi.kz акциялары – 1,62%, Kcell – 1,08%, ҚазМұнайГаз 0,43% қымбаттады. KEGOC – +0,16%, «Банк ЦентрКредит» 0,03% өсті. «ҚазТрансОйлдың» жабылу бағасы өзгерген жоқ — 1 147,97 теңге.

«Қазақтелеком», Air Astana және Halyk Bank акциялары теріс аймақта қалды. Қазақтелеком 0,22%, Air Astana 1,19% арзандады. Бұл күні Halyk Bank акциялары қатты арзандады: HSBK 404,70 теңгеден 383,45 теңгеге дейін түсіп, 5,25% жоғалтты.

Индекске кіретін акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 1,6 есе азайып, 1,059 млрд теңгені құрады. KASE индексі жыл басынан бері шамамен 14% өсімде қалып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз