
Танымал әнші Айдана Меденова «KeshYOU» тобының Астанада өтетін мерекелік концертіне қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Әнші Instagram желісіндегі оқырмандарымен сұрақ-жауап айдарында «KeshYOU 20 жылдық концертте боласыз ба» деген сұраққа «Жоқ, бұл жолы қатыспаймын» деп қысқа қайырды.
Бұған дейін продюсер Баян Алагөзова топтың кезекті мерейтойлық концерті 19 қыркүйекте Астанада өтетінін жариялады.
Еске сала кетейік, мамыр айында «KeshYOU» тобының концерті Алматыда өткен еді. Ол кеште топтың «алтын құрамы» саналатын Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева және Жанар Дұғалова бірге сахнаға шығып, көрерменді қуантқан болатын.