Айдана Меденова «KeshYOU» тобының Астанадағы концертіне қатыспайды

Жарияланды 28 Тамыз 2026 09:00

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: instagram

Танымал әнші Айдана Меденова «KeshYOU» тобының Астанада өтетін мерекелік концертіне қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әнші Instagram желісіндегі оқырмандарымен сұрақ-жауап айдарында «KeshYOU 20 жылдық концертте боласыз ба» деген сұраққа «Жоқ, бұл жолы қатыспаймын» деп қысқа қайырды.

Бұған дейін продюсер Баян Алагөзова топтың кезекті мерейтойлық концерті 19 қыркүйекте Астанада өтетінін жариялады.

Еске сала кетейік, мамыр айында «KeshYOU» тобының концерті Алматыда өткен еді. Ол кеште топтың «алтын құрамы» саналатын Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева және Жанар Дұғалова бірге сахнаға шығып, көрерменді қуантқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз