
Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. 1 қыркүйекте көкпар мен көкбөрі турниріне қатысушылар арасында жеребе тарту рәсімі өтті.
Көкбөрі
Жеребе қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлінді. Ойындарға жалпы 7 команда қатысады.
Көкбөрі бойынша жеребе нәтижесі:
А тобы: Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан.
В тобы: Венгрия, Қазақстан, Тәжікстан.
Көкпар
Көкпарға қатысатын ұлттық құрамалар да екі топқа бөлінді.
А тобы: Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Моңғолия.
В тобы: Қазақстан, Ресей, Венгрия.
Көкпар мен көкбөрі турнирі 2 қыркүйекте басталады.