
Қазақстан құрамасы футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Беларусь командасын 5:4 есебімен жеңді, деп жазады Kursiv.Media.
Ойынның 4-минутына жетпей Беларусь құрамасы есеп ашты. Қазақстан сапынан Альберт Ақбаликов пенальтиден гол соғып, есепті теңестірді. Ал Эдсон екі рет мергендік танытып, бірінші таймда ұлттық құраманы 3:1 есебімен алға шығарды.
Екінші таймда Эдсон хет-трик жасап, Қазақстанның басымдығын арттырды. Кейін қақпашы Игита да гол соғып, есепті 5:2-ге жеткізді.
Алайда матч соңында Беларусь ойыншылары екі гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Соған қарамастан Қазақстан құрамасы жеңісті сақтап қалды.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 6 қарашада Словакияда Беларусь командасына қарсы өткізеді.
Іріктеудің негізгі кезеңінде 36 құрама 12 топқа бөлінген. Топ жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік төрт команда элиталық кезеңге тікелей өтеді. Қалған сегіз команда плей-офф кезеңінде бақ сынайды.