Apple үш MacBook моделін қолдау жүйесін тоқтатты

Жарияланды 1 Қыркүйек 2026 20:57

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Apple үш MacBook моделін қолдау жүйесін тоқтатты / Фото: Shutterstock

Apple компаниясы Intel процессорындағы үш модельді ресми қолдау тізімінен шығарды. Сондықтан бұл құрылғыларға түпнұсқа бөлшектер табу мен ресми жөндеу қиындайды, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

Қолдау жасалмайтын модельдер:

  • MacBook Pro 13″ (2017) – екі Thunderbolt 3 порты бар;
  • MacBook Air Retina (2018);
  • MacBook Pro 13″ (2018) – төрт Thunderbolt 3 порты бар (бұл модель «толық ескірген» мәртебесін алды).

Қолданушылар үшін бұл не білдіреді?

Apple өнімдерін екі санатқа бөледі:

  • «Винтаждық» (5 жылдан асқан): Жөндеу және бөлшектер тек қоймада бар болса ғана ұсынылады.
  • «Ескірген» (7 жылдан асқан): Ресми жөндеу мүлдем жасалмайды, бөлшектер берілмейді.

Бұл ноутбуктер бірден істен шықпайды, бірақ ресми сервистік қызмет алу қиындап, қымбат бөлшектерді ауыстыру тиімсіз болып қалады.

Сондай-ақ оқыңыз