Air Astana мен Қазатомөнеркәсіп акциясының бағасы түсті: KASE 0,93% төмендеді

Жарияланды 8 Қыркүйек 2026 08:40

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Kase индексі аптаны төмендеумен бастады / фото: Kursiv Media

7 қыркүйекте KASE индексі 0,93% немесе 75,21 пунктке төмендеп, 8 036,64 пунктте жабылды. Индекс құрамындағы үш акция қымбаттады, «ҚазМұнайГаз» акциясының бағасы өзгермеді, ал алты компанияның қағазы арзандады. Индекстік акциялармен сауда көлемі 16,9% азайып, 871,7 млн теңгені құрады деп хабарлайды Kursiv Media.

Өскендер

Бір күнде ең жақсы нәтижені электр желілерін басқаратын KEGOK (KEGC) көрсетті. Акция 1 490 теңгеден 1 500 теңгеге көтеріліп, 0,67% қымбаттады. Банк ЦентрКредит (CCBN) 0,14%, байланыс операторы Kcell (KCEL) акциясы 0,06% өсті. Ұлттық мұнай компаниясы «ҚазМұнайГаз» (KMGZ) 35 200 теңгеде өзгеріссіз қалды.

Төмендегендер

KASE: күн қорытындысы
7 қыркүйек 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
Кегок
KEGC Кегок
1 500,00 ₸
+0,67%
өсті
Банк ЦентрКредит
CCBN Банк ЦентрКредит
4 795,86 ₸
+0,14%
өсті
Kcell
KCEL Kcell
3 170,03 ₸
+0,06%
өсті
ҚазМұнайГаз
KMGZ ҚазМұнайГаз
35 200,00 ₸
0,00%
өзгермеді
ҚазТрансОйл
KZTO ҚазТрансОйл
1 192,00 ₸
−0,50%
түсті
Halyk Bank
HSBK Halyk Bank
384,68 ₸
−0,78%
түсті
Қазақтелеком
KZTK Қазақтелеком
44 715,24 ₸
−1,18%
түсті
Kaspi.kz
KSPI Kaspi.kz
48 101,01 ₸
−1,64%
түсті
Қазатомөнеркәсіп
KZAP Қазатомөнеркәсіп
33 750,00 ₸
−2,13%
түсті
Air Astana
AIRA Air Astana
675,00 ₸
−2,85%
түсті
KASE
KASE индексі күн қорытындысы
8 036,64
−0,93%
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 7 қыркүйек 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Ең көп арзандаған қағаз — әуе тасымалдаушы Air Astana (AIRA) акциясы. Оның жабылу бағасы 694,80 теңгеден 675 теңгеге түсіп, 2,85% арзандады. Уран алыбы «Қазатомөнеркәсіп» (KZAP) 2,13%, финтех компаниясы Kaspi.kz (KSPI) акциясы 1,64% жоғалтты.

Телеком алыбы «Қазақтелеком» (KZTK) 1,18%, Halyk Bank (HSBK) 0,78%, мұнай тасымалдаушы ҚазТрансОйл (KZTO) 0,50% арзандады. Осы ірі компаниялардағы төмендеу KASE индексіне де қысым түсірді.

Сауда кезінде индекс 8 120,65 пунктке дейін көтерілгенімен, күнді ең төменгі 8 036,64 пунктте аяқтады. Соған қарамастан, KASE индексі жыл басынан бері әлі де 14,3% өсімде

Сондай-ақ оқыңыз