1 қазаннан бастап вакциналарды сақтау мен тасымалдау цифрлық бақылауға көшеді

Жарияланды 10 Қыркүйек 2026 15:07

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда вакциналарды сақтау және тасымалдауды бақылайтын цифрлық жүйе кезең-кезеңімен еліміздің барлық өңірінде енгізіле бастайды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен кеңесте жасанды интеллект элементтері қолданылатын цифрлық жобаларды таныстырды.

«Суық тізбек» жобасы вакциналарды қоймадан медициналық ұйымға дейін сақтау және тасымалдау жағдайын автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді. Температура датчиктері препараттардың қандай жағдайда сақталғанын қадағаласа, GPS-мониторинг иммундық препараттардың тасымалдануын бақылайды.

«Пилоттық жоба 2025 жылы Қарағанды облысында жүзеге асырылды. 1 қазаннан бастап жобаны бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен енгізуді бастаймыз», – деді министр.

Жүйе еліміздің барлық өңіріндегі 3,5 мыңнан астам нысан мен вакциналарды тасымалдауға арналған 800 арнайы көлікті қамтиды.

Тағы да оқыңыз: Көкжөтелмен ауырған балалардың 90%-дан астамы екпе алмаған

Сондай-ақ оқыңыз