
Kursiv Media Елена Рыбакинаның 2026 жылы теннис турнирлерінен қанша табыс тапқанын зерттеп көрді. Қазақстандық теннисші үшін биылғы маусым қаржылай жағынан да өте сәтті өтіп жатыр. WTA-ның ресми дерегі бойынша, Рыбакинаның жыл басынан бергі жүлде ақшасы $10,88 млн-ға жетті.
Бір US Open-ның өзі $5,5 млн әкелді
Рыбакинаның биылғы ең ірі жүлдесі US Open-да бұйырды. Нью-Йорктегі турнирдің финалында ол Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанды. Осы жеңісі үшін Рыбакина $5,5 млн алды.
Бұл – оның 2026 жылы турнирлерден тапқан барлық жүлде шамамен 50,6%-ы. Яғни бір ғана US Open маусымдағы табысының жартысын қамтамасыз етті.
Australian Open да миллиондар әкелді
Жыл басында Рыбакина Australian Open турнирінде де топ жарды. Мельбурндегі жеңісінің жүлдесі 4,1 млн аустралиялық долларды, сол кездегі бағаммен шамамен $2,75 млн-ды құрады.
Бұдан бөлек, қазақстандық теннисші Indian Wells турнирінің финалына шығып $612 мыңнан астам, Торонтодағы финалы үшін $565 мыңға жуық, Miami турниріндегі жартылай финалы үшін $340 мыңнан астам алды.
Stuttgart турниріндегі чемпиондық, сондай-ақ Cincinnati, Rome, Wimbledon және басқа жарыстардағы нәтижелері де оның жылдық табысын толықтырды.
Елена Рыбакинаның 2026 жылғы жүлде ақшасы
WTA турнирлеріндегі жүлде ақшасы. Сомаға демеушілік және жарнамалық табыс кірмейді.
Бұл тек корттағы табыс
WTA көрсететін $10,88 млн – тек турнирлердегі жүлде. Оған спортшының жарнамадан, жеке демеушілерден және коммерциялық келісімдерден алатын табысы кірмейді.
Сондықтан Рыбакинаның 2026 жылғы нақты жалпы кірісі бұдан да жоғары болуы мүмкін.
Сонымен қатар көрсетілген жүлде сомалары салық шегерілгенге дейінгі көрсеткіштер. Теннисшілер әр елде өткен турнирден алған табысына сол мемлекеттің салық ережесіне қарай салық төлеуі мүмкін. Рыбакинаның нақты қанша салық төлегені ашық деректерде жарияланбаған.
Тағы да оқыңыз: WTA рейтингі жаңарып, Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды.