US Open Рыбакинаның бір жылдық табысының жартысын әкелді

Жарияланды 14 Қыркүйек 2026 11:02

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Елена Рыбакина / фото: WTA

Kursiv Media Елена Рыбакинаның 2026 жылы теннис турнирлерінен қанша табыс тапқанын зерттеп көрді. Қазақстандық теннисші үшін биылғы маусым қаржылай жағынан да өте сәтті өтіп жатыр. WTA-ның ресми дерегі бойынша, Рыбакинаның жыл басынан бергі жүлде ақшасы $10,88 млн-ға жетті.

Бір US Open-ның өзі $5,5 млн әкелді

Рыбакинаның биылғы ең ірі жүлдесі US Open-да бұйырды. Нью-Йорктегі турнирдің финалында ол Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанды. Осы жеңісі үшін Рыбакина $5,5 млн алды.

Бұл – оның 2026 жылы турнирлерден тапқан барлық жүлде шамамен 50,6%-ы. Яғни бір ғана US Open маусымдағы табысының жартысын қамтамасыз етті.

Australian Open да миллиондар әкелді

Жыл басында Рыбакина Australian Open турнирінде де топ жарды. Мельбурндегі жеңісінің жүлдесі 4,1 млн аустралиялық долларды, сол кездегі бағаммен шамамен $2,75 млн-ды құрады.

Бұдан бөлек, қазақстандық теннисші Indian Wells турнирінің финалына шығып $612 мыңнан астам, Торонтодағы финалы үшін $565 мыңға жуық, Miami турниріндегі жартылай финалы үшін $340 мыңнан астам алды.

Stuttgart турниріндегі чемпиондық, сондай-ақ Cincinnati, Rome, Wimbledon және басқа жарыстардағы нәтижелері де оның жылдық табысын толықтырды.

2026 · Prize money

Елена Рыбакинаның 2026 жылғы жүлде ақшасы

WTA турнирлеріндегі жүлде ақшасы. Сомаға демеушілік және жарнамалық табыс кірмейді.

Жалпы табыс $10,88 млн
Brisbane International
Ширек финал
$37 640
Australian Open
🏆 Чемпион
≈ $2,75 млн
Doha
Ширек финал
$98 500
Dubai
1/8 финал
$49 250
Indian Wells
Финал
$612 340
Miami
Жартылай финал
$340 190
Stuttgart
🏆 Чемпион
≈ $189 900
Madrid
1/8 финал
≈ $109 082
Rome
Ширек финал
€150 000
Roland Garros
2-айналым
≈ $151 000
Queen’s
Ширек финал
$53 135
Berlin
1/8 финал
€15 470
Wimbledon
3-айналым
≈ $244 255
Toronto
Финал
$564 920
Cincinnati
Ширек финал
$154 210
US Open
🏆 Чемпион
$5 500 000
Бір ғана US Open Рыбакинаның 2026 жылғы барлық жүлде ақшасының жартысынан астамын берді.
50,6%
Дереккөз: WTA және Grand Slam турнирлерінің ресми деректері. Валютамен төленген кей жүлделер доллармен шамамен көрсетілді.

Бұл тек корттағы табыс

WTA көрсететін $10,88 млн – тек турнирлердегі жүлде. Оған спортшының жарнамадан, жеке демеушілерден және коммерциялық келісімдерден алатын табысы кірмейді.

Сондықтан Рыбакинаның 2026 жылғы нақты жалпы кірісі бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Сонымен қатар көрсетілген жүлде сомалары салық шегерілгенге дейінгі көрсеткіштер. Теннисшілер әр елде өткен турнирден алған табысына сол мемлекеттің салық ережесіне қарай салық төлеуі мүмкін. Рыбакинаның нақты қанша салық төлегені ашық деректерде жарияланбаған.

Тағы да оқыңыз: WTA рейтингі жаңарып, Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

Сондай-ақ оқыңыз