
Британиялық боксшы Хамза Шираз WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартты. Бұл туралы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ұйымның хабарлауынша, Шираздың промоутері Queensberry Promotions промоутерлік сауда аяқталғаннан кейін боксшының шешімі туралы WBO-ға жазбаша түрде хабарлаған. Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартқан.
«WBO Хамза Шираз бен оның командасының шешімін құрметтейді», – делінген мәлімдемеде.
Official Statement: Hamzah Sheeraz has voluntarily relinquished his WBO Super Middleweight World Championship. The WBO World Championship Committee will issue its ruling on the division on Monday, September 21. https://t.co/vTVq2pL7Qm
— WBO (@WorldBoxingOrg) September 18, 2026
Еске сала кетейік, бұған дейін Хамза Шираз қол жарақатына байланысты қарашаға дейін жекпе-жек өткізе алмайтынын айтқан еді. Ал Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін шаршы алаңға 2026 жылдың 6 желтоқсанынан кейін ғана оралады.