Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартты

Жарияланды 19 Қыркүйек 2026 12:00

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Жәнібек Әлімханұлы/ Фото: Instagram

Британиялық боксшы Хамза Шираз WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартты. Бұл туралы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ұйымның хабарлауынша, Шираздың промоутері Queensberry Promotions промоутерлік сауда аяқталғаннан кейін боксшының шешімі туралы WBO-ға жазбаша түрде хабарлаған. Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартқан.

«WBO Хамза Шираз бен оның командасының шешімін құрметтейді», – делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Хамза Шираз қол жарақатына байланысты қарашаға дейін жекпе-жек өткізе алмайтынын айтқан еді. Ал Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін шаршы алаңға 2026 жылдың 6 желтоқсанынан кейін ғана оралады. 

Сондай-ақ оқыңыз