Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жарияланды 21 Қыркүйек 2026 14:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: Сали Сабиров / Olympic.kz

Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғап, жарыстың финалына дейін жетті. Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы Қытай өкілі Ли Гунмен кездесті.

Тартысты өткен финалдық жекпе-жек 8:2 есебімен Қытай спортшысының пайдасына аяқталды. Нәтижесінде Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды.

Осылайша, Қанай Қазақстан құрамасының каратэден осы жарыстағы алғашқы күміс медалін қоржынға салды.

Бұған дейін қазақстандық каратэшілер Жоламан Биғанәбіл 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде және Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта Азия ойындарының чемпионы атанған еді.

Сондай-ақ оқыңыз