Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды

Жарияланды 27 Қыркүйек 2026 17:10

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Фото: FIDE

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында қатарынан екінші рет күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

46-шы шахмат Олимпиадасының 11-турында қазақстандық шахматшылар Польша құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнап, турнирді екінші орынмен аяқтады

Әйелдер арасындағы жарыста Қытай құрамасы жеңімпаз атанды. Қазақстан құрамасы үшін бұл – Олимпиададағы қатарынан екінші күміс жүлде. Бұған дейін қазақстандық шахматшылар 2024 жылы Будапештте өткен 45-ші шахмат Олимпиадасында екінші орын алған еді.

Араға екі жыл салып, Қазақстан құрамасы нәтижесін Самарқанда қайталады.

Құрама сапында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева өнер көрсетті. Команданың капитаны – Павел Коцур.

FIDE президенті болып сайланған Тимур Турлов қазақстандықтарға алғыс айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз