Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан шахматтан Азия ұлттары кубогының шешуші кезеңі қарсаңында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары сәтті өнер көрсетті. Екі команда да қарсыластарын бірдей 3,5:0,5 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Ерлер құрамасы Малайзияны ұтты 8-турда Қазақстан ерлер құрамасы Малайзияны 3,5:0,5 есебімен тізе бүктірді. Командаға алғашқы жеңіс ұпайын 26 жастағы шымкенттік…