
28 қыркүйекте Қазақстан қор биржасының негізгі индексі төмендеді. KASE индексі 0,83% түсіп, 7 721,69 тармақты құрады. Алдыңғы сауда күні индекс 7 786,09 тармақта жабылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Өскен акциялар
Индекс құрамындағы акциялар арасында ең жоғары өсім Halyk Bank-ке (HSBK) тиесілі. Акцияның жабылу бағасы 371,70 теңгеден 374,02 теңгеге көтеріліп, 0,62% қымбаттады. Kcell (KCEL) 0,45%, «Қазақтелеком» акциялары(KZTK) 0,26% өсті. «Банк ЦентрКредит» бағалы қағазы(CCBN) 4 780 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалды.
Төмендеген акциялар
Ең көп арзандаған — уран алыбы «Қазатомөнеркәсіп» (KZAP)акциясы. Оның жабылу бағасы 30 688,88 теңгеден 29 330 теңгеге түсіп, 4,43% төмендеді. Бұл 28 қыркүйектегі KASE индексіне кіретін акциялар арасындағы ең үлкен төмендеу болды.
Мұнай тасымалдаушы «ҚазТрансОйл» (KZTO) 1,42%, Kaspi.kz (KSPI) 1,18%, Air Astana (AIRA) 0,90% арзандады. «ҚазМұнайГаз» (KMGZ) 0,76%, KEGOC (KEGC)акциялары 0,22% төмендеді.
Осылайша, KASE индексіне кіретін он акцияның үшеуі қымбаттап, алтауы арзандады, біреуінің бағасы өзгермеді. Қазатомөнеркәсіп акциясының 4%-дан астам төмендеуі индекстегі бір күнгі ең айқын қозғалыс болды.