
29 қыркүйекте Қазақстан қор биржасының негізгі индексі қайта өсті. KASE индексі бір күнде 0,85% көтеріліп, 7 787,52 тармаққа жетті. 28 қыркүйекте индекс 7 721,69 тармақта жабылған.
Өскен акциялар
Уран алыбы Қазатомөнеркәсіптің акциялары жоғары өсім көрсетті. Акцияның жабылу бағасы 29 330 теңгеден 29 998,99 теңгеге көтерілді. Екі сауда күнінің жабылу бағасын салыстырғанда өсім 2,28% болды.
Kaspi.kz (KSPI) акциясы 2,04% қымбаттап, 42 651,01 теңгеге жетті. Мұнай тасымалдаушы ҚазТрансОйл (KZTO)акциясы 1,90%, ұлттық мұнай компаниясы ҚазМұнайГаз (KMGZ) 0,88%, Halyk Bank (HSBK) 0,81% өсті. Кегок (KEGC) 0,20%, Банк ЦентрКредит (CCBN) 0,11% қымбаттады.
Төмендеген акциялар
Қызыл аймақта екі акция ғана қалды. Air Astana (AIRA) акциясының жабылу бағасы 664 теңгеден 663,62 теңгеге түсіп, 0,06% арзандады. Қазақтелеком (KZTK) 0,04% төмендеп, 44 659,99 теңгеге түсті. Kcell (KCEL) бағасы екі ондық таңбаға дейін есептегенде өзгерген жоқ.
Осылайша, KASE индексіне кіретін он акцияның жетеуі қымбаттап, екеуі арзандады, біреуі өзгеріссіз қалды. Бір күн бұрын 4,43% құлдыраған Қазатомөнеркәсіптің бүгін 2,28% өсуі және Kaspi.kz пен ҚазТрансОйл акцияларының 2%-ға жуық қымбаттауы нарықтағы негізгі қозғалыстардың бірі болды.