KASE жасыл аймақта: жеті компанияның акциясы қымбаттады

Жарияланды 30 Қыркүйек 2026 08:08

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қазақстан қор биржасының негізгі индексі қайта өсті / фото: Kursiv Media

29 қыркүйекте Қазақстан қор биржасының негізгі индексі қайта өсті. KASE индексі бір күнде 0,85% көтеріліп, 7 787,52 тармаққа жетті. 28 қыркүйекте индекс 7 721,69 тармақта жабылған.

Өскен акциялар

Уран алыбы Қазатомөнеркәсіптің акциялары жоғары өсім көрсетті. Акцияның жабылу бағасы 29 330 теңгеден 29 998,99 теңгеге көтерілді. Екі сауда күнінің жабылу бағасын салыстырғанда өсім 2,28% болды.

KASE: күн қорытындысы
29 қыркүйек 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
Қазатомөнеркәсіп
KZAPҚазатомөнеркәсіп
29 998,99 ₸
+2,28%▲
өсті
Kaspi.kz
KSPIKaspi.kz
42 651,01 ₸
+2,04%▲
өсті
ҚазТрансОйл
KZTOҚазТрансОйл
1 270,69 ₸
+1,90%▲
өсті
ҚазМұнайГаз
KMGZҚазМұнайГаз
35 710,04 ₸
+0,88%▲
өсті
Halyk Bank
HSBKHalyk Bank
377,05 ₸
+0,81%▲
өсті
Кегок
KEGCКегок
1 518,53 ₸
+0,20%▲
өсті
Банк ЦентрКредит
CCBNБанк ЦентрКредит
4 785,37 ₸
+0,11%▲
өсті
Kcell
KCELKcell
3 178,99 ₸
0,00%
өзгермеді
Қазақтелеком
KZTKҚазақтелеком
44 659,99 ₸
−0,04%▼
түсті
Air Astana
AIRAAir Astana
663,62 ₸
−0,06%▼
түсті
KASE
KASE индексі күн қорытындысы
7 787,52
+0,85%▲
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 29 қыркүйек 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Kaspi.kz (KSPI) акциясы 2,04% қымбаттап, 42 651,01 теңгеге жетті. Мұнай тасымалдаушы ҚазТрансОйл (KZTO)акциясы 1,90%, ұлттық мұнай компаниясы ҚазМұнайГаз (KMGZ) 0,88%, Halyk Bank (HSBK) 0,81% өсті. Кегок (KEGC) 0,20%, Банк ЦентрКредит (CCBN) 0,11% қымбаттады.

Төмендеген акциялар

Қызыл аймақта екі акция ғана қалды. Air Astana (AIRA) акциясының жабылу бағасы 664 теңгеден 663,62 теңгеге түсіп, 0,06% арзандады. Қазақтелеком (KZTK) 0,04% төмендеп, 44 659,99 теңгеге түсті. Kcell (KCEL) бағасы екі ондық таңбаға дейін есептегенде өзгерген жоқ.

Осылайша, KASE индексіне кіретін он акцияның жетеуі қымбаттап, екеуі арзандады, біреуі өзгеріссіз қалды. Бір күн бұрын 4,43% құлдыраған Қазатомөнеркәсіптің бүгін 2,28% өсуі және Kaspi.kz пен ҚазТрансОйл акцияларының 2%-ға жуық қымбаттауы нарықтағы негізгі қозғалыстардың бірі болды.

Сондай-ақ оқыңыз