
Қазақстанда 1 қазанға АҚШ долларының ресми бағамы 442,14 теңге болады, деп хабарлайды Kursiv Media. KASE-де 30 қыркүйек сағат 15:30-да USD/KZT бойынша орташа сараланған бағам осы деңгейде қалыптасты. Биржа дерегінше, сауда барысында доллар бағамы алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 1,68 теңгеге жоғарылады.
30 қыркүйектегі ресми доллар бағамы 439,37 теңге болған. Демек, келесі күнге ресми бағам 2,77 теңгеге немесе 0,63%-ға өсті. Басқаша айтқанда, теңге долларға қатысты әлсіреді.
Ұлттық банктің ресми сайтында 1 қазанға EUR, RUB және CNY бағамдары әзірге жарияланбаған. 30 қыркүйекке ресми бағам бойынша еуро — 498,60 теңге, Ресей рублі — 5,22 теңге, Қытай юані — 65,55 теңге.