Қазанның бірінші күнін KASE индексі төмендеумен бастады

Жарияланды 2 Қазан 2026 08:08

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қор нарығы / фото: Kursiv Media

1 қазанда KASE индексі 0,36% төмендеп, 7 767,65 тармақты құрады. Индекс құрамындағы акциялардың басым бөлігі күнді минуспен аяқтады.

Тек Кегок акциясы өсті

Бүгін индекс құрамындағы акциялардың ішінде тек Кегок (KEGC) оң нәтиже көрсетті. Акция 30 қыркүйектегі 1 517 теңгеден 1 518,16 теңгеге көтерілді. Жабылу бағалары бойынша өсім 0,08% болды. Kcell (KCEL) 3 164,05 теңгеде, Қазақтелеком (KZTK) 44 548,01 теңгеде қалып, өзгеріс 0,00% болды.

KASE: күн қорытындысы
1 қазан 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
Кегок
KEGCКегок
1 518,16 ₸
+0,08%▲
өсті
Kcell
KCELKcell
3 164,05 ₸
0,00%
өзгермеді
Қазақтелеком
KZTKҚазақтелеком
44 548,01 ₸
0,00%
өзгермеді
Қазатомөнеркәсіп
KZAPҚазатомөнеркәсіп
29 348,00 ₸
−0,11%▼
түсті
ҚазМұнайГаз
KMGZҚазМұнайГаз
35 751,03 ₸
−0,14%▼
түсті
Kaspi.kz
KSPIKaspi.kz
42 749,99 ₸
−0,31%▼
түсті
Банк ЦентрКредит
CCBNБанк ЦентрКредит
4 825,06 ₸
−0,43%▼
түсті
Air Astana
AIRAAir Astana
665,00 ₸
−0,76%▼
түсті
ҚазТрансОйл
KZTOҚазТрансОйл
1 293,89 ₸
−0,85%▼
түсті
Halyk Bank
HSBKHalyk Bank
373,00 ₸
−0,88%▼
түсті
KASE
KASE индексі күн қорытындысы
7 767,65
−0,36%▼
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 1 қазан 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қызыл аймақта қалғандар

Ең көп арзандағаны – Halyk Bank (HSBK)акциясы. Акция 376,30 теңгеден 373 теңгеге түсіп, 0,88% төмендеді. Мұнай тасымалдаушы ҚазТрансОйл (KZTO) 0,85%, әуе тасымалдаушы Air Astana (AIRA) акциялары 0,76% арзандады.

Банк ЦентрКредит (CCBN) акциясы 0,43%, Kaspi.kz (KSPI) 0,31%, ҚазМұнайГаз (KMGZ) 0,14%, уран алыбы Қазатомөнеркәсіп (KZAP) 0,11% төмендеді. Бұл пайыздар KASE-дегі 1 қазан мен 30 қыркүйектің нақты жабылу бағаларын салыстыру арқылы есептелді.

Осылайша, индекс құрамындағы он акцияның біреуі қымбаттап, жетеуі арзандады, екеуі өзгеріссіз қалды. Нарықтағы ең әлсіз нәтиже Halyk Bank акциясында тіркелсе, Кегок аз да болса оң аймақта жабылды.

Сондай-ақ оқыңыз