
21-25 қыркүйек аралығында Қазақстан қор биржасы индексі 7 873,30 пункттен 7 786,09 пунктке дейін төмендеді. Апталық есеппен индекс 1,11% жоғалтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бір аптада ең көп қымбаттаған қағаз – «ҚазТрансОйл» (KZTO) акциясы. Оның жабылу бағасы 1 255 теңгеден 1 265 теңгеге көтеріліп, 0,80% өсті. Одан кейін «ҚазМұнайГаз» (KMGZ) – +0,31%, KEGOK (KEGC) – +0,19%, Air Astana (AIRA) акциясы- +0,15% өсім көрсетті.
Банк ЦентрКредит акциясының бағасы іс жүзінде өзгерген жоқ: 4 780,03 теңгеден 4 780 теңгеге түсті. «Қазақтелеком» (KZTK) акциясы бір аптада 0,20%, Kcell (KCEL) 0,42% арзандады.
Halyk Bank (HSBK) акциясы 376,58 теңгеден 371,70 теңгеге дейін төмендеп, 1,30% жоғалтты. «Қазатомөнеркәсіп» (KZAP) акциясының жабылу бағасы 31 194,99 теңгеден 30 688,88 теңгеге түсіп, апталық төмендеу 1,62% болды.
Апта ішінде ең әлсіз нәтиже Kaspi.kz (KSPI) акциясында тіркелді. 28 қыркүйек, дүйсенбіде 44 800 теңге болған бағалы қағаз жұма, 2 қазанда 42 300,03 теңгеге дейін арзандады. Бұл – бір аптада 5,58% төмендеу.
Жалпы алғанда, KASE индексіндегі 10 акцияның төртеуі қымбаттап, алтауы арзандады. Индекстің өзіндегі 1,11% төмендеуге әсіресе салмағы жоғары Kaspi.kz акциясының айтарлықтай арзандауы әсер етті. 25 қыркүйектегі KASE дерегі бойынша KSPI-дің индекстегі салмағы 13,20% болған.