Елде 600 мыңнан астам адам салық төлеушілер қатарына қосылды

Жарияланды 6 Қазан 2026 11:32

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Такси, жеткізу қызметінде істейтіндер де салық төлеуге қосылды/ Үкімет

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында ресми тіркелмеген 600 мыңнан астам адам экономикалық айналымға тартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Министрдің айтуынша, бұл өзгеріске 2026 жылдан бастап енгізілген арнайы салық режимі мүмкіндік беріп отыр. «Көлеңкеде» қалған кәсіпкерлер де енді салық төлейді.

Оның аясында салық агенті ретінде жұмыс істейтін цифрлық платформалар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың әлеуметтік төлемдерін автоматты түрде 4% мөлшерінде ұстап қалады.

Қазір жүйеге Yandex-тен бөлек, inDrive, Wolt, Glovo және басқа да платформаларды қоса алғанда, 38 цифрлық платформа қосылған.

Мәди Тәкиевтің айтуынша, осының нәтижесінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 14,5 мыңнан 805 мың адамға дейін өскен. Ал әлеуметтік төлемдер көлемі 1,4 млрд теңгеден 16,1 млрд теңгеге дейін артқан.

«600 мыңнан астам тіркелмеген тұлға ресми экономикалық айналымға тартылды», – деді министр.

Отырыста министр цифрландыру бюджеттің 1, 5 трлн теңгесін үнемдеуге мүмкіндік бергенін айтып еді.

Сондай-ақ оқыңыз