
7 қазан таңында әлемдік нарықта мұнай бағасы қайта өсті. Brent маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерсі бір баррель үшін 101,65 долларға дейін қымбаттап, бір күнде шамамен 1,1% өсті. АҚШ-тың WTI мұнайы 90,38 доллар шамасында саудаланып жатыр.
Қазақ мұнайы 118 долларға дейін барды
Қазақстан үшін маңызды CPC Blend мұнайының соңғы қолжетімді күндік котировкасы 6 қазанда барреліне 118,03 доллар болды. Алдыңғы сауда күнінде ол 119,43 доллар болған. Осылайша CPC Blend бір күнде 1,40 долларға немесе шамамен 1,17%-ға арзандаған.
Нарыққа Таяу Шығыстағы жағдай да қысым түсіріп отыр. Йемендегі хуситтердің Сауд Арабиясына шабуылдары мұнай жеткізілімі қайта бұзылуы мүмкін деген қауіп туғызды. Соған қарамастан, соңғы 7–10 күнде Таяу Шығыстан тәулігіне шамамен 12 млн баррель шикі мұнай және 2 млн баррель мұнай өнімдері экспортталған.
Мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталуына әлемдік қорлардың азаюы да әсер етуде. АҚШ-тың EIA агенттігі Brent бағасының 2026 жылдың төртінші тоқсанындағы орташа болжамын барреліне 105 долларға дейін көтерді. Агенттік жылдық орташа бағаны 98 доллар деп күтеді.