Жәрдемақы есебінен бюджет қаражаты 702 млрд теңгеге қысқартылады

Жарияланды 13 Қазан 2026 17:50

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
14 жәрдемақы есебінен келесі жылғы бюджет қаржысы қысқарады/ gov.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасы аясында елде әлеуметтік салаға бөлінетін 702 млрд теңге қысқаратынын айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.  

«Біз жыл сайынғы индексацияны ескере отырып, шығындарды қайта қарап шықтық. Қажет деп танылған шығындар көбейтілді, ал көтеруді қажет етпейтіндері бұрынғы деңгейде қалды. Соның нәтижесінде бюджетті 702 млрд теңгеге қысқарттық. Алайда 2027 жылғы бюджет 2026 жылмен салыстырғанда 2,5 трлн теңгеге ұлғаяды. Себебі бірқатар шығын көлемі артты», – деді ол брифингте.

Министр атағандай, бұл 14 жәрдемақы есебінен қысқартылмақ.

Елімізде кейбір мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі өзгереді. Енді табысы жоғары және ауқатты отбасыларға жәрдемақы төленбейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 39 жәрдемақының 14 түрі енді азаматтың нақты әлеуметтік жағдайы мен көмекке қаншалықты мұқтаж екеніне қарай берілетінін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз