Маймыл шешегі: Санкт-Петерборда бес адам ауруханаға жатқызылды

Жарияланды 17 Қазан 2026 14:29

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
теңге қор аурухана
Петерборда маймыл шешегін жұқтырды деген бес адам ауруханаға жатты/Shutterstock

Санкт-Петерборда маймыл шешегін жұқтырды деген күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Бұл туралы Санкт-Петербор пен Ленинград облысы бойынша Роспотребнадзордың өңіраралық басқармасы хабарлады, деп жазады Kursiv.media.

Ведомствоның мәліметінше, жұқтыру жағдайы туралы ақпарат түскеннен кейін мамандар санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді дереу бастаған. Сондай-ақ індеттің таралуына жол бермеу үшін қажетті шаралар қолға алынып, дезинфекция жүргізу туралы нұсқама берілген.

Қазір мамандар науқастармен байланыста болған адамдарды анықтап жатыр. Роспотребнадзор маймыл шешегінің вирусын қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік беретін заманауи тест-жүйелер әзірлеп, тіркеген.

Бұған дейін Мәскеу облысындағы Раменское ауруханасына маймыл шешегін жұқтырған болуы мүмкін адаммен байланыста болған бес адам жатқызылғаны хабарланған.

Маймыл шешегі сирек кездесетін жұқпалы ауру саналады. Ол көбіне Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында таралған.

Тағы оқыңыз: Гонконгта маймыл шешегін жұқтырғандар саны күрт артты

Сондай-ақ оқыңыз