Барреліне 111 доллар: мұнай неге қымбаттап жатыр

Жарияланды 23 Қазан 2026 09:43

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: OILT

2026 жылғы 23 қазандағы жағдай бойынша мұнай бағасының өсті. 22 қазанда Brent бір күнде 4%-ға қымбаттап, барреліне 113,17 долларға жетті. Бұл мамырдан бергі ең жоғары жабылу бағасы, деп жазады Kursiv.Media.

Қымбаттаудың бірнеше себебі бар. Иран төңірегіндегі соғыс пен Ормұз бұғазы арқылы тасымалдаудың шектелуі нарыққа мұнай жеткізуді қиындатып отыр. Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдар да қосымша қауіп туғызды. Сонымен қатар әлемде мұнай қорлары азайып, дизель тапшылығы байқалады: зауыттар отын өндіру үшін шикі мұнайға сұранысын арттыруда. Яғни бағаға нақты жеткізілім тапшылығы да, алдағы үзілістерден қауіптену де әсер етеді.

Қазақ мұнайы да қымбаттады

23 қазанда қаралған Oilprice кестесінде CPC Blend 129,21 доллар деп көрсетілген. Алайда осы санды Brent бағасымен тікелей салыстырып, «Қазақстан мұнайы сонша қымбатқа сатылып жатыр» деу асығыс болар еді: CPC жолында бағаның нақты уақыты мен жеткізу шарты көрсетілмеген. Әділ салыстыру үшін екі бағаның күні, жеткізу орны және келісімшарт негізі сәйкес болуы керек.

Қазақстан үшін әлемдік бағаның өсуі экспорттық түсімді арттыруы мүмкін. Бірақ нақты пайда сатылған мұнай көлеміне, CPC Blend-тің келісімшарттық бағасына және тасымалдау шығынына байланысты. Сондықтан Brent өсімін де, CPC бағытының тұрақтылығын да қатар бақылау қажет.

Сондай-ақ оқыңыз