
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Токиодағы WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты. Бірінші айналымда ол Грекия теннисшісі Мария Саккариді жеңді.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, ойын 2 сағат 28 минутқа созылды. WTA әлемдік рейтингінде 67-орында тұрған Путинцева қарсыласын 6:4; 3:6; 6:1 есебімен жеңген.
Осылайша Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы – қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Рыбакина жарысты бірден екінші айналымнан бастайды.
Бұған дейін Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен Ningbo Open турнирінің жеңімпазы атанды.